Арапа күні ораза тұту – сүннет. Сәресі мен ауызашар уақыты қандай
Биыл Арапа күні 26 мамырға сәйкес келеді.
Қазақстандық мұсылмандар қасиетті құрбан айт мерекесін 27-29 мамыр аралығында тойлайды. Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы 26 мамырды – Арапа күні, ал 27 мамырды – Құрбан айттың бірінші күні деп нақтылады.
Арапа күні ораза тұту – сүннет. Бұл күнгі сәресі мен ауызашардың уақытын ҚМДБ сайтынан білуге болады.
- Астана. Сәресі: 04.05. Ауызашар (Шам намазының уақыты): 20.28.
- Алматы: Сәресі: 04.16. Ауызашар (Шам намазының уақыты): 19.23.
- Шымкент: Сәресі: 04.48. Ауызашар (Шам намазының уақыты): 19.50.
- Семей: Сәресі: 03.33. Ауызашар (Шам намазының уақыты): 19.39.
- Көкшетау: Сәресі: 04.03. Ауызашар (Шам намазының уақыты): 20.37.
- Ақтөбе: Сәресі: 05.06. Ауызашар (Шам намазының уақыты): 21.11.
- Қонаев: Сәресі: 04.13. Ауызашар (Шам намазының уақыты): 19.25.
- Атырау: Сәресі: 05.42. Ауызашар (Шам намазының уақыты): 21.17.
- Өскемен: Сәресі: 03.26. Ауызашар (Шам намазының уақыты): 19.28.
- Тараз: Сәресі: 04.39. Ауызашар (Шам намазының уақыты): 19.44.
- Талдықорған: Сәресі: 04.04. Ауызашар (Шам намазының уақыты): 19.23.
- Орал: Сәресі: 05.25. Ауызашар (Шам намазының уақыты): 21.39.
- Қарағанды: Сәресі: 04.05. Ауызашар (Шам намазының уақыты): 20.05.
- Қостанай: Сәресі: 04.26. Ауызашар (Шам намазының уақыты): 21.00.
- Қызылорда: Сәресі: 04.56. Ауызашар (Шам намазының уақыты): 20.14.
- Ақтау: Сәресі: 05.58. Ауызашар (Шам намазының уақыты): 21.08.
- Павлодар: Сәресі: 03.38. Ауызашар (Шам намазының уақыты): 20.02.
- Петропавл: Сәресі: 03.55. Ауызашар (Шам намазының уақыты): 20.47.
- Түркістан: Сәресі: 04.50. Ауызашар (Шам намазының уақыты): 19.58.
- Жезқазған: Сәресі: 04.37. Ауызашар (Шам намазының уақыты): 20.16.
Еске салайық, Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасының мәжілісінде биылғы Құрбан айт күндерінің мерзімі бекітілді. Оған сәйкес, 26 мамыр – Арапа күні, ал 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні болып нақтыланды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban.muftyat.kz сайтын іске қосты.
Оқи отырыңыз:
- ТМҰ Мүфтилер алқасы Құрбан айтқа қатысты пәтуа шығарды. 26 мамыр – Арапа күні
ҚМДБ онлайн құрбан шалуға арналған сайтты іске қосты. Қой құны қанша



