Қазақстан Азия ойындарында тағы бір медаль жеңіп алды
Қазақстанның әйелдер құрамасы шаңғы жарысынан Харбиндегі (Қытай) Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды.
Медаль үшін күресте ұлттық командамыз Жапония құрамасынан озып, бірақ Қытай командасына жол берді. Жүлдегерлер қатарында: Камила Елғазинова, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга және Надежда Степашкина.
Бұған дейін қазақстандықтар басқа спорт түрлерінде де көзге түсті. Владислав Киреев биатлондағы спринтерлік жарыста жеңімпаз атанса, Вадим Куралес екінші орын алып, күміс медальға қолжеткізді.
Сонымен қатар, Қазақстанның ерлер құрамасы хоккейден Азия ойындарының жартылай финалына шығып, Гонконг командасын 24:0 есебімен ойсырата жеңді.
Фристайл-акробатикадан Қазақстан ерлер құрамасы "синхронды секіруден" алтын медаль жеңіп алды.
Сурет: ҰОК/Турар Казангапов